{metadescription}
Навальный екі жыл сегіз айға сотталды
Навальный екі жыл сегіз айға сотталды

Навальный екі жыл сегіз айға сотталды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный ақыры түрмеге жабылды. Мәскеудегі Симоновский соты оған тағайындалған шартты жаза мерзімін темір торға ауыстырды. Шартты жаза ережесін бұзды деп белгілі саясаткерді бұған дейін Қылмыстық жазаны атқару федералдық қызметі айыптаған болатын.

Оппозиционер енді 2 жыл 8 айын түрмеде өткізеді.

Былтыр тамыз айында уланған Навальный Германияда ем қабылдап, қаңтардың 17-сінде Ресейге оралған болатын. Бірақ саясаткер ұшақтан түсе сала әуежайда тұтқындалды. Ал кеше сот үкімін ести сала, оппозиционердің жақтастары Мәскеуде наразылық білдіріп көшеге шықты. Шерушілерді ұрып-соғып таратқан арнайы жасақ мыңнан астам тұрғынды қамауға алды.

Қазір көптеген батыс елдері Алексей Навальныйды бостандыққа шығаруды талап етіп жатыр. О баста ол інісі Олег Навальный екеуі «Ив Роше» компаниясының ақшасын жеді деген айыппен сотталған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде