Көшелерде дабыл – SOS қондырғысы орнатылады
Көшелер мен қалтарыстарда енді дабыл батырмасы бар арнайы қондырғы орнатылады. SOS хабарламасын дереу жөнелткіш жабдық қазір Елорда маңындағы елдімекендерде тесттік режимде іске қосылды.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
03.02.2021
Мұндай қауіпсіздік құралымен барлық елдімекендердің нақты қашан қамтылатыны әзірше белгісіз. Ішкі істер министрлігінің айтуынша, жобаның ресми таныстырылымы кейінге жоспарланып отыр. Ведомстводағы цифрлық жаңалық бұл ғана емес. Мәселен, ақпан айынан бастап қазақстандықтар «102» қосымшасы арқылы көмек шақыра алады. Әрі смартфондарындағы бейнекамераның көмегімен оқиға барысын операторға сол сәтте көрсетуге болады. Мамандардың айтуынша бұл қосымшаның арқасында уақыт үнемделеді. Көмек сұрап дабылды ақпарат жібергеннің аты-жөні және басқа да қосымша дерек автоматты түрде анықталатын болады.
Сәкен Сәрсенов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Осы екі тәулікте 5 мың азаматымыз бұл жүйені өз телефонына қондырды. 2283 қоңырау шалынды. Оның 1200-і тесттік түрінде, қалғаны біздің полициядан көмек сұраған азаматтар. Ең белсенді өңір – Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қаласы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!