{metadescription}
Институтқа бомба қойылды деп жұртты дүрліктірді – Ақтөбе
Институтқа бомба қойылды деп жұртты дүрліктірді – Ақтөбе

Институтқа бомба қойылды деп жұртты дүрліктірді – Ақтөбе

Ақтөбедегі заң институтына бомба қойылды деп жұртты дүрліктірген күдікті іздестіріліп жатыр.

Таң атысымен Бөкенбаев атындағы заң институты қоршауға алынып, құтқару қызметтері тартылды. Ғимарат ішіндегі курсанттар мен мұғалімдер дереу сыртқа шығарылған. Белгісіз біреу оқу орнының электронды поштасына білім ордасына бомба қойылғаны туралы хат жолдаған. Тіпті банк картасына 1 миллион 300 мың рубль аударыңдар деп талап қойыпты. Саперлер ғимарат пен сол маңдағы аумақты түгел тінтіп шығып, түк таба алмады. Ақтөбеде білім ошағына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат көбейіп кетті. Бұған дейін айналдырған бір айдың ішінде екі рет мектеп-гимназияда бомба бар деп елді дүрліктірген. Бірақ осы күнге дейін жалған хабар берген адам анықталмады. «Электронды поштамен жолданған хаттың иесін табу қиын» -  дейді полицейлер.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Жыл басынан бұл үшінші оқиға. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде