{metadescription}
Ақтауда автопарк пен әкімдіктің арасында дау туды
Ақтауда автопарк пен әкімдіктің арасында дау туды

Ақтауда автопарк пен әкімдіктің арасында дау туды

Ақтауда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылыққа шықты. Қалалық әкімдік олардың жыл аяғына дейінгі келісімшартына қарамай, дәл солар жүретін бағытқа басқа автобустарды қойған. Осылайша қазір бір бағытқа екі мекеменің көліктері қатынауда.

Әкімдіктегілер автопарк басшылары ескі автобустарды жаңалау керек деген талапты орындамады дейді. Сондықтан тек пайда табуды көздейтін кәсіпкермен келісімшартты бұзуға тура келген.

- Біз қанша жыл субсидия күттік. Енді келген кезде басқа жақтың адамы нанымызды алып кетті. Мына жерде рейдерство болып жатыр.

Ақтауда №5 бағытта қатынайтын қоғамдық көлік жүргізушілері үш күннен бері жұмысқа шықпай отыр. Себебі, төрт күн бұрын дәл осы бағытқа Атыраудан әкелінген Ankai  маркалы автобустар жүре бастапты. Осылайша екі мекеменің қоғамдық көлігі жолаушыға таласып әлек болған.

Шаңғытбай Бекбаулов, жеке кәсіпкер:

- Әкімдік шақырып алып, 28 қаңтардан жұмысты босатуымды сұрады. Мен сотқа шағым түсіргенмін. Менің шағымыма сот ұйғарым шығарып берді. Әкімдік Атыраудан келіп жатқан автобустарды алды. Ол Атырауда «Тенгиз шевройл» алып берген автобустар. Олар сол жақтан да ақша алып, жаңа жылдан кейін мына жақта ақша беретін болған соң, мында келген ғой.   

30-ға жуық жүргізуші шартты бір жақты бұзғаны үшін әкімдікті сотқа берген. Судья олардың өтінішін қарап, ары қарай жолаушы тасымалдай беруге болады деп ұйғарым шығарған. Алайда әкімдік су жаңа автобустардан бас тартпаймыз деп отыр. Өйткені бұған дейін жолаушы тасымалымен айналысқан  автопарк тозығы жеткен автобустарды осы уақытқа дейін жаңартпаған дейді шенеуніктер.   

Асқар Нұржаубай, Ақтау қаласы әкімдігінің заңгері:

- Келісімшарт талабына сәйкес, жеке кәсіпкер Бекбаулов автобустардың 70 пайызын 2019 жылы, 30 пайызын 2020 жылы төмен еденді, заманауи, жақсы автобустармен алмастыруға міндеттеме алған. Алайда күні-бүгінге дейін Ақтау қаласының тұрғындарының барлығына белгілі, олар бүгінге дейін бұрынғы тұрғындарды тозығы жеткен «ПАЗ» автоубстармен тасымалдауда. Ол автобустар мүгедектер пен зейнеткерлердің мініп-түсуіне өте қолайсыз.

Қалада жаңа әрі жайлы автобустардың жүре бастағанына жолаушылар да дән риза. Тұрғындар тіпті төрт күннен бері ескі қоғамдық көлікке отыруды да доғарған.

- Ескі автобустан жаңасын алғаны жақсы. Санын көбейттірсе, тіпті жақсы болар еді.

Әкімдік пе, білмеймін, әйтеу бізге жаңа, ыңғайлы, дизайны керемет  автобустар бөліпті.

Автобусты жаңаға ауыстырғаны өте  жақсы. Адамдарға түсіп, мінуге ыңғайлы.

Жолаушылардың басым бөлігі жаңа автобустарға риза екендігін жеткізді. Ал тараптар келісімшарты аяқталмаған бұрынғы автобус паркінің жұмысын сотта шешеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде