Алиджон Ибрагимов неден қайтыс болды?
Қазақстандық олигарх Алиджон Ибрагимов қайтыс болды. Бизнесмен 68 жасқа қараған шағында Бельгияда көз жұмған.
Автор: Мақсат Мәлік
03.02.2021
Алиджон Ибрагимов Қазақстанда жүргенде денсаулығы сыр беріпті. Жағдайы күрт нашарлаған соң Бельгияға емделуге кеткен. Алайда аурухана төсегіне танылған бизнесменді ажалдан арашалап қалуға дәрігерлердің күші жетпеген.
Кейбір дерек көздерінде марқұмның коронавирустан көз жұмғаны айтылып жатыр. Өзбекстанда туған Алиджон Ибрагимов Қырғызстанның Тоқмақ қаласында жерленеді.
Оның байлығы 2019 жылы 2 жарым миллиард доллар болса, былтыр 900 миллион долларға дейін төмендеген. Ол Eurasian Resources Group қожайындарының бірі болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!