{metadescription}
Қант пен қарақұмықты қымбат сатуға тыйым салынды – Ақтөбе
Қант пен қарақұмықты қымбат сатуға тыйым салынды – Ақтөбе

Қант пен қарақұмықты қымбат сатуға тыйым салынды – Ақтөбе

Ақтөбелік шенеуніктер қант пен қарақұмық бағасын белгілі мөлшерден қымбаттатуға тыйым салды. Бірақ сатушылар қарсы. «Әкімдіктегілердің бұйрығын орындайтын болсақ, пайда таппақ түгілі, шығынға батамыз» деп отыр.

Айнагүл Махамбетова, сатушы:

- 230 теңгемен сата алмаймыз. Өзіміздің алып тұрған баға – 250. Он пайызбен 280-ге шығады. 200-210 теңгемен әкелсе ғана 230-ға сатуымыз мүмкін.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолы қойылған қаулыны шенеуніктер дүкен аралап таратып жүр. Онда қанттың келісі 230 теңгеден, қарақұмықтың келісін 338 теңгеден асырмау керектігі айтылған. Бірақ аймақ басшысының бұл қаулысы саудагерлердің қытығына тиген. Өйткені көтерме базардың өзінде қант келісі 229 теңгеден басталады. Ал қарақұмықтың құны қаулыда белгіленген мөлшерден асып кетеді. «Шығынға батқанша, елге ең қажет азық-түлікті сатпай отырғанымыз тыныш» - дейді. Ал қаладағы кәсіпкерлік бөлімі мамандары «қаулы – тек ескерту» дейді. «5-10 теңге қосып сатқандарды қатаң жазалау ойымызда жоқ» - деп ақталып отыр.

Әсел Бөлекова, Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы:

- Рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы шекті бағадан асып кетуіне байланысты тоқсан күнге белгіленеді. Осы орайда белгіленіп отыр. Сауда желілерінде бұл бағамен қазір шекер және қарақұмық жіберіліп отыр.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде