{metadescription}
Депутаттардың білімін көтеруге 647 миллион бөлінеді
Депутаттардың білімін көтеруге 647 миллион бөлінеді

Депутаттардың білімін көтеруге 647 миллион бөлінеді

Халық сенген депутаттар қайтадан партаға отырып дәріс алады. Олардың білім деңгейін көтеруге қазынадан 647 миллион теңге бөлінетін болды. Мәжіліс спикері мәслихаттағы әріптестерінің оқуын қолдағанымен, сол заң жобасын дайындап әкелген министрді біраз сілкіп алды. 

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

- Тағы да сұрақты қайталайын. «Кәсіби біліктілікті арттыру» деген түсінікті. Не үшін даярлау, қайта даярлау деп жаздыңыздар? Сіздер диплом бермекшісіз бе? Не үшін? Жастардың жақсы көретін әдетібір жылда бес диплом алып жүре береді. Енді, оны осы заң жобасына да жазып қойыпты. Жай көшіре салған ғой. Енді өздері де не істегенін түсінбей отыр.

Төменгі палата төрағасы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке «кәсіби біліктілікті арттыруды» да дұрыс ұйымдастыру қажет деп жол нұсқады. Әйтпесе Нығматулин соңғы кездері шипажайда депутаттарды жинап алатындарды да көріп жүр екен. Сондықтан қазынадан бөлінетін 647 миллион теңге мәслихат депутаттарының 40 сағаттық оқуына оңды-солды шашылмай жұмсалуы керек. Ал бұл миллиондарды тез алуға ұмтылған министрді мәжілісмендер бірауыз қазақ тілінде сөйлемегені үшін ескерту жасап шығарып салды.

Мәжілістің жалпы отырысына Әсет Ерғалиев министр ретінде алғаш рет қатысып отыр. Үкімет мүшелерінің арасындағы ең жас министрдің жасы  34-те.

Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаты:

- Қазақша қойылған сұрақтардың барлығына ешқандай рұқсат сұрамай, сырғып, орыс тіліне қарай ауысып кеттіңіз. Сіз жасыңызға қарамай, 18 миллион адамның ішінен министр болуға жараған екенсіз, жасыңыз да тәуелсіздікпен шамалас шығар. Өз, ана тіліңізде жауап бермегеніңіз ұят деп санаймын. Сондықтан келесі отырыста сізге ескерту. Қазақ тілінде, ана тілінде берілген сұраққа, үлкен өтініш, өз – ана тіліңізде жауап беріңіз.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

- Айтқан сөзіңіз орынды, рақмет!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде