{metadescription}
Айқын Қоңыров: Әр отбасына 20 сотық жер таратып беру керек
Айқын Қоңыров: Әр отбасына 20 сотық жер таратып беру керек

Айқын Қоңыров: Әр отбасына 20 сотық жер таратып беру керек

Мәжілісмен кедейшілікпен күресудің жолын тауыпты. Айқын Қоңыров әр қазақстандық отбасына 20 сотық жер телімін таратып беруді үкіметтен сұрап отыр. Айтуынша, баспана бағытындағы бағдарламалар бұқараны емес, бизнесмендерді байытып жатыр.

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

- Қазақстанда тұрғын үй бағдарламаларына қыруар қаражат бөлінеді. Орташа деңгейдегі отбасыны баспанамен қамту мақсаты жоқ. Үйлер салынады, пайдалануға берілген шаршы метрлер де көбеюде. Бірақ халықтың басым бөлігінде тұрғын үй жағдайы жақсы емес. Қарқынды құрылыс әлеуметтік мәселелерді шешпейді, керісінше, инвесторлар мен құрылыс компанияларын байытып  жатыр.

Елдің бақуатты өмір сүруіне Айқын Қоңыров «20 сотық жер телімі жетеді» дейді. Оның есебінше, жерге әр отбасы шаңырағын көтеріп қана қоймай, мал өсіріп, егін егеді. Мәжілісмен жер телімін беруге бір бағдарламаны немесе ұлттық жобаны арнау керек деп есептейді. Өйткені қалалардағы әрбір адамның 10 сотық жерді алу құқығына қатысты норма жұмыс істеп тұрған жоқ. «Бұл мәселені ешкім шешуге де тырыспайды» деген Қоңыров, 20 сотық жерді берсек,  кедейшілікпен күресе алатынымызға сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.