Арақтың орнына антисептик ішкен бойжеткен көз жұмды – Павлодар
Павлодарда арақтың орнына антисептик ішкен үш бойжеткен уланып қалды. Іш-құрылысы зақымданған 17 жастағы қыз есін жимастан көз жұмса, марқұмның екі құрбысы дәрігерлердің арқасында аман қалған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
03.02.2021
Николай Қожахметов, Павлодар облыстық қиын жағдайда балаларды қолдау орталығының директоры:
- Қыздар меркелік кеш ұйымдастырған. Жаңажылдық отырыс жасайын деген болуы керек. Сол бас қосуда үшеуі санитайзер ішкен көрінеді. Кішкентай қыздар емес – 17 жастан асқан бойжеткендер.
Үшеуі де облыстық өмірі қиын жағдайдағы балаларды қолдау аймақтық орталығының тәрбиеленушілері. Қаза тапқан қыз Ақсудағы колледжде оқыған. Оқыс оқиға 2-қаңтарда болғанымен, ол жайында енді айтылып жатыр. Үш бойжеткен арнайы орталықтың медициналық блогына кіріп алып антисептик ішкен. Санитайзердің тек өзін емес, оған су араластырған көрінеді. Одан кейін үшеуі де ауруханадан бір-ақ шыққан. 17 жастағы бойжеткен бір жарым сағаттан кейін көз жұмса, екі құрбысының өмірін дәрігерлер сақтап қалған. Соңғы екеуі емдеу мекемесінде он күн жатып шыққан.
Аталмыш дерекке қатысты «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» және «немқұрайлық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!