{metadescription}
Вакцина салдырған кезде талып қалған – Талдықорған
Вакцина салдырған кезде талып қалған – Талдықорған

Вакцина салдырған кезде талып қалған – Талдықорған

Талдықорғандағы облыстық аурухана қызметкері вакцинаның кері әсерінен емес, инеден қорыққаннан талып қалған. Денсаулық сақтау вице-министрі вакциналау кезде есінен танып құлаған дәрігердің жайын осылай түсіндіріп отыр. 

Ажар Ғинияттың айтуынша, медицина маманының ес-түссіз құлауына екпенің еш қатысы жоқ. Ол тек ине салу кезінде қатты қобалжып, соңы осылай аяқталған. Қазір оның жағдайы тәуір көрінеді. Денсаулық сақтау вице министрі Тараздағы жағдайға қатысты да түсініктеме берді. Бүгін әлеуметтік желілерде бір топ жедел жәрдем жүргізушілері наразылық білдірген видео тараған болатын. Дау көтергендер вакцинаны мәжбүрлеп салғызып жатыр, екпені қабылдамаса жұмыстан қуады деп шағымданған еді. Енді осы дерекке қатысты тексеріс басталыпты. Ақ-қарасы жақын күндері белігі болмақ.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: 

Тараздағы жағдай бойынша министрліккке келіп түскен ақпарат бойынша комитетке тапсырма беріліп, тексеріс жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде