«Спутник V» вакцинасы Қазақстанда ресми тіркелмепті
«Спутник V» вакцинасын салдырғандардың иммунитеті күшейеді. Ал екпенің әсері тек 50 күннен асқан соң ғана байқалады. Бас санитар дәрігердің айтуынша, қоғамдық иммунитетті қалыптастырудың тиімді әрі жалғыз жолы – жаппай вакциналау.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
03.02.2021
Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов: «Ресейлік екпе коронавирустың жаңа «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдарына да тойтарыс бере алады» - деп мақтауын асырды. «Тек екпе жасатқаннан кейін де бетпердесіз жүруге болмайды» - дейді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер. Дәрігерлермен қоса шенеуніктер де алғашқылардың сапында екпе салдырған. Бір қызығы, мақтаулы ресейлік вакцина Қазақстанда ресми түрде тіркелмепті.
Ерлан Қиясов, ҚР бас санитар дәрігері:
- Әрине, тіркелуі маңызды. Айта кетейік, жаппай екпе басталмас бұрын препараттың клиникалық зерттеу деректері алынып, зерделенді. Әрі Ұлттық сараптама орталығында тексеріліп, вакцинаны елге бір рет әкелуге рұқсат етілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!