{metadescription}
Жер жүзінде қанша адам ковид вакцинасын алып үлгерді?
Жер жүзінде қанша адам ковид вакцинасын алып үлгерді?

Жер жүзінде қанша адам ковид вакцинасын алып үлгерді?

Әлем елдері де коронавирусқа қарсы вакциналауға қызу кірісіп кетті. Қазір 66 елдің халқына жаппай екпе салынып жатыр. Осы уақытқа дейін жер жүзінде 105 миллион адам вакцина алып үлгеріпті.

Вирусқа қатысты көңілсіз көрсеткіште көш бастап тұрған АҚШ екпе қабылдағандардың саны бойынша да бірінші келеді. СОVID-19-ға қатысты жаһандағы жағдай қалай?

Коронавирусқа қарсы вакцина салу әлемде қарқын алды. Тіпті екпе салдырғандардың саны індет жұқтырғандардан асып жығылған. Мәселен, жер жүзінде вакцина алғандар күн сайын көбейіп, қазір 106 миллионға жетіп қалды. Бұл көрсеткіште әзірге АҚШ көш бастап тұр. АҚШ-та екпе салдырғандар қатары 34 миллионға жуықтаған. Америка билігі Pfizer/BioNTech вакцинасын құп көрген.

Кәрі құрлықта да вакцинациялау шарасы қыз-қыз қайнаған. Мәселен, Ұлыбританияда екпенің алғашқы дозасын 15 миллион адам салдырды.

Біріккен Корольдікте әзірге кеселге қарсы үш вакцина ресми мақұлданған. Ол: AstraZeneca, Pfizer/BioNTech және Moderna. Бұл мемлекетте ерікті әрі тегін жүргізілетін аталмыш науқанға 18 жастан асқан адамдар ғана қатысады.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

Халық толық вакцина алу керек. Бұл өте маңызды. Бірінші дозаны көп адамға егуді жоспарлап отырмыз. Екінші екпені британиялықтар 12 аптадан кейін алады.Өкінішке қарай коронавирус құрбандары азаймай тұр. Сондықтан бұл науқанға немқұрайлы қарамауды сұраймын.

Күн сайын жаһанда түрлі препараттың 4 миллионнан аса дозасы салынып жатыр. Ал еліміз таңдаған ресейлік «Спутник V» вакцинасына сұраныс артып, 50-ден астам мемлекет тапсырыс беріпті. Олардың қатарында БАӘ, Венгрия, Оңтүстік Корея, Пәкістан және т.б елдер бар.

Дегенмен әлемде жұқпалы дерттен көз жұмғандар қатары әлі де көп. Тіпті рекордтық көрсеткіш тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы бір аптада 96 мың адам бақилық болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде