{metadescription}
Елімізде ғылыми жұмыстарды ұрлау тыйылмай тұр
Елімізде ғылыми жұмыстарды ұрлау тыйылмай тұр

Елімізде ғылыми жұмыстарды ұрлау тыйылмай тұр

«Қазақстанда кандидаттық және докторлық диссертацияларды кітапханада ізденіп жазатындар жоқтың қасы». Осылай деген сенаторлар интернеттегі ғылыми жұмыстардың саудасына алаңдап отыр. Қазір дипломдық жұмыстан бастап, небір ғылыми зерттеулерді тапсырыспен тындыруға дайын ғалымдар жетіп артылады.

Сәуле Айтпаева, Сенат депутаты:

- Google-де «Қазақстанда докторлық, кандидаттық диссертацияны сатып алу» деген сауалға 46 секунд ішінде 303 мыңға жуық іздеу нәтижесі шығады. Тіпті сайттардың бірі уақыт жоғалтпай, өзіңізге қажет жұмысты бірден сатып алуды ұсынады. Ол жерде ғылыми жұмыстың кезеңі, бағасы, жоғары білікті мамандар, кандидаттар мен ғылым докторлары жазатыны көрсетілген. Ал оларға тапсырыспен кандидаттық диссертация жазу кезекті бір тапсырманы орындау ғана.

Оның үстіне елімізде ғылыми жұмыстарды ұрлау тыйылар емес. Ал ғылыми диссертацияларды плагиатқа тексеру деген құр атауы ғана. Сенатор Айтпаеваның айтуынша, интернет беттерінде қазақстандық ғалымдардың жетістіктері мен жаңалықтары хақында мақала табудың өзі бір мұң. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова бұл ахуалдан министрлік хабардар деп  жауап қайтарды.

Жалпы елімізде  20 мыңға тарта ғылыми қызметкер бар болса, жыл сайын тек 200 жұмыс қана түседі екен. Соған қарағанда интернеттегі тапсырыстан көбісінің қолы босамайтын секілді.

Шолпан Қаринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Біз ғылыми ұйымдарға, зерттеу нәтижелеріне талапты күшейту үшін жыл сайын нормативтік-құқықтық актілер қабылдаймыз. Плагиаттың жолын кесу үшін Бас прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр мемлекеттік мекемелерде бірыңғай антиплагиат жүйесі орнатылды. Аталған проблеманы жою мақсатында бұл тәжірибені одан әрі жалғастырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде