{metadescription}
Туыстарына ақша аудартқызып, жоқ нысанға өтемақы алған – Арыс
Туыстарына ақша аудартқызып, жоқ нысанға өтемақы алған – Арыс

Туыстарына ақша аудартқызып, жоқ нысанға өтемақы алған – Арыс

Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының кәсіпкерлері әлі күнге өтемақы ала алмай жүр. «Мемлекеттен миллиардтап бөлінген қаржыны жергілікті шенеуніктер бұрмалап жіберді» - дейді. Бүлінген нысандардың тізімін жасаған комиссия құрамы Арыстың бай-бағланы мен шенеуніктерден құралған көрінеді.

Олар өзі мен жақын туыстарына қаржыны көптеп  аударған. Тіпті жоқ нысанға ақша бөліп, тақыр жерге де құжат рәсімдеп өтемақы алған. Ал нағыз зардап шеккендерге соқыр тиын бұйырмады деп отыр. Арыстағы кәсіпкерлердің арызын тілшіміз тыңдап келді.

Бір жарым жыл бұрынғы жарылыста кәсібі күлге айналған арыстық кәсіпкерлер әкімдікке тағы келді. Снарядтан бірінің дүкені, енді бірінің мейрамханасы мен цехының ойраны шыққан олар осыған дейін премьер-министрдің кеңсесіне дейін барыпты. Бірақ жарылыстан зардап шеккендерге көмектесеміз деген басшылар  Арыстың 48 кәсіпкерін мүлде ұмытқан сыңайлы.

Мұхамеджан Сапарханов, кәсіпкер:

Ақау актісін компания не үшін шығарып берді? Осыншама шығын кетті деп? Девальвация боп жатыр. Ақшаның құны құрып жатыр. Бұл қалай, не деген сұмдық?! Біз кімге керекпіз? Жетім-жесірден жаман болдық. Көше аралап кеттік. «Президент келе жатыр, ойбай, шықпаңдар, төлеп береміз, орнына келтіріп береміз» деді.

Ашуға булыққан кәсіпкерлердің айтуынша, былық Арыс басшыларынан  басталып отыр. Бүлінген ғимараттардың тізімін жасаған комиссия жергілікті бақуаттылар мен шенеуніктерден құралған. Олар өзіне тиесілі нысандарға ақшаны молынан аудартып алған дейді. Тіпті жоқ мекенжайға құжат жасап, өтемақы алды деп отыр.

Ғұбайдолла Сүйінбаев, кәсіпкер:

- Мұсабеков Абылай 9 комиссияның мүшесі, міне, олар бірінші халықты, кәсіпкерлерді қамтамасыз етудің орнына, бәрін өзінің істеп тұрмаған нысандарына алып алған. Төле би 25А деген нысан бар, соған үш рет ақша шығарған. Оның егесі: «Ресми түрде біреуін алдым, ал қалған екеуін мен білмеймін» - дейді.

«Алды» деген кей кәсіпкерлерге аударылған қаржының жартысын ғана берген көрінеді. Ал жарылыстан соң шенеуніктердің сөзіне сеніп, енді «тақырға отырдық» дегендер жетерлік.

Жарылысқа дейін мұнда азық-түлік дүкені болғаны болған екен. Снаряд тура төбесінен түсіп, ғимарат қираған кезде жергілікті билік «ғимаратты сүріп таста, ақшаны кейін аударамыз» деп уәде берген. Сол сөзге сенген кәсіпкер нысанды сүріп тастап құрылысты бастайды. Бірақ содан бері не ақша, не дүкен жоқ. Және мұндай бітпей қалған ғимарат Арыс қаласында өте көп.

Жергілікті шенеуніктер кәсіпкерлердің айыптауын жоққа шығарады. Комиссия мүшелерінің айтуынша ақшаға еш қатысы жоқ кәсіпкерлерді уайымдап, «ақшасын қайтсек бергіземіз» деумен шапқылап жүр екен.

Сапарбай Дәрібайұлы; Арыс қаласы әкімінің орынбасары:

- Шөкеевке, Үкімет басшысына, «Атамекен» төрағасына жазамыз.

- Осы күнге дейін жазған жоқсыздар ма?

- Жазылған. Әкім тарапынан, менің тарапымнан бірнеше рет жазылған. Әр апта сайын жазып отырамын. «Халықты шырылдата бересің бе» деген мағынада әкіммен ақылдасқанбыз. Осылай хат жазамыз. Әкім, 13 депутат, бәрі қол қояды.

Жойқын жарылыс кезінде бұзылып, қираған 416 нысан иесіне 3 миллиард 900 миллион теңге берілген. Бұл қаржы Қазақстанның алпауыт компанияларының есебінен бөлінген. Тағы 48 нысанның өтемі 387 миллион. Бірақ арыстық кәсіпкерлер бұл қаражатты алудан әлдеқашан үміт үзген.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.