Жол апатында жедел жәрдем көлігінің қос дәрігері мерт болды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті. Оқиға орнында, қос дәрігер тіл тартпастан қаза тапты. Ал 44 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
04.02.2021
Жантүршігерлік жол апаты Өскемен - Семей бағытындағы тас жолда болды. «ДАФ» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қолайсыз ауа райының салдарынан рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Тоқтай алмаған күйі дәрігерлер отырған көлікке соғылыпты. Қатты соққыдан жедел жәрдем көлігі жапырылып қалған. Ішінде отырған Үржар ауданының хирургы мен анестезиолог сол сәтте көз жұмды. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!