Tengri Bank-тің экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды
Құрдымға кеткен Tengri Bank-тің экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды. Бұған дейін қаржы ұйымының бұрынғы басшылары миллиардтарды жымқырды деген күдікке ілініп қылмыстық іс қозғалған болатын.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
04.02.2021
Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:
- Ол азаматтардың біреуі департамент бастығы Бақытов және тағы бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Рахметова. Егер аталған азаматтарды қай жерде екенін білген жағдайда, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарлауды сұраймыз.
44 жастағы Алмас Бақытов банктің әкімшілік-шаруашылық департаментінің директоры болған. Ал Тоғжан Рахметова соның бақылауындағы компаниялардың бірін басқарған. Оларға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған.
Банктің экс-менеджерлері 5 миллиард 400 миллион теңгені жымқырған деген күдікке ілінген. Tengri Bank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары мен Алматы қаласындағы филиал директорының экс-орынбасары ұсталған. Ал қаржы ұйымы былтыр қыркүйекте лицензиясынан айырылды. Бұған банктің заң бұзушылықтарға жол беруі себеп болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!