{metadescription}
Қос азаматтығы бар шымкенттік мемқызметтен кетпей отыр
Қос азаматтығы бар шымкенттік мемқызметтен кетпей отыр

Қос азаматтығы бар шымкенттік мемқызметтен кетпей отыр

Қос азаматтығы бар шымкенттік шенеунік әлі мемлекеттік қызметтен кеткен жоқ. Қаланың спорт басқармасын басқаратын Олег Почивалов Ресейдің де  азаматы екені анықталды. Біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынғандықтан, ол Қазақстан азаматтығынан айрылды.

Гүлжан Нысанбаева, Шымкент қаласы ПД азаматтық және көші-қон бөлімінің басшысы:

- Көші-қон басқармасының қортындысымен 1974 жылы туылған азамат Почивалов Олег Владировичке Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңның 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жәйті тіркелді.

46 жастағы шенеунік былтыр маусым айынан бері Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келеді. Оған дейін Олег Почивалов атыс түрлері бойынша Олимпиадаға дайындық орталығына жетекшілік еткен. Қос азаматтығы бар адамның мемлекеттік қызметке қалай орналасқаны да белгісіз. Полиция тексеріп, сот азаматтықтан айырса да, Олег Почивалов осы елдің азаматымын деуден танбай отыр. Тіпті өзге елдің азаматын жұмысқа қабылдаған Шымкент қаласының әкімдігі де шенеунікте Ресей азаматтығы бар екенін мойындамайды. Қазір уақытша еңбек демалысына кеткен ол енді полиция департаментімен соттаспақшы.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде