Сарыбұлақта балық қырылып жатыр – Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында тоғанда балық қырылып жатыр. Мамандар ойылған мұздан 800-ге жуық қырылып қалған тұқы мен торта жинап алды
Автор: Жаңалық Ахаш
05.02.2021
Қобда ауданына қарасты Сарыбұлақ ауылының іргесіндегі тоғанда болған жағдайды балықшылар байқапты. Олар мұз астында қырылған балықтарды таспаға түсіріп, дереу экологтарға хабар берген. Тексеруге барғандар әзірге торта мен тұқының жаппай өлуіне не себеп болғанын білмей отыр. Енді сараптама қортындысы анықтайды. Бірақ тоған суы мөлдір, еш ластанбаған. Ал қалың мұздан ауа жетпей тұншықты деуге келмейді дейді мамандар. Өйткені арнайы құралмен тексергенде оттегі мөлшері талапқа сай болған.
Нұрболат Дүйсенов, Ақтөбе облыстық балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:
- Оттегін өлшегенде 2,6 миллиграмм литр болды. Одан балық өлмейді. Сондай, 0,5 грамм болуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!