{metadescription}
0:000:00
Құрылыста құлаған жасөспірімнің ісі сотқа жетпей жатыр

Құрылыста құлаған жасөспірімнің ісі сотқа жетпей жатыр

Теміртауда мектеп оқушысының құрылыста ауыр жарақат алуына байланысты қозғалған іс сотқа жетер емес. Өйткені баланы жұмысқа салған құрылыс компаниясы тексеріс әшкерелеген кемшіліктерді мойындамай сотқа арызданған. Сондықтан тергеушілер де істі сотқа жібере алмай жіпсіз байландық деп ақталуда.

Алайда жасөспірімнің анасы бұл құрылыс компаниясымен ауыз жаласып алғандардың уақыт созу амалы деп отыр. Бас сүйегі мен мойын омыртқасы опырылған бозбалаға екі рет күрделі ота жасалған. Маңызды үшіншісін жасатуға қаражаты жоқ. Тіпті жарымжан балаға құзырлы органдар мүгедектік бермей сандалтып қойған.

Оқыс оқиғаның болған жерінде мемлекеттік бағдарламамен көпқабатты үйлер салынып жатыр. Сол күні Ұлан өзі қатарлас мектеп оқушыларымен бірге осы жерде күніне небәрі 4 мың теңге төленетін қара жұмысқа жегіліпті.  

15 жастағы Ұлан Бекбай осыдан төрт ай бұрын құрылыс алаңында екінші қабаттан құлап мертікті. Жас баланың содан бері жатысы осы. Айтуынша, қара жұмысқа анасына ауыртпалық түсірмеу үшін келіскен.

Ұлан Бекбай:

- Анамнан ақша сұрай беруге ұяламын. Бәрімізге жетпейді ғой. Құрылыста 2-3 күн жұмыс  істедім. 5 мың теңге төлеген. Құлағаннан кейін ақша бермеді.  

Жалғызбасты ана Зеуреш Тойлыбаева қазір жеті айлық сәбиінен гөрі, 15 жастағы Ұланды күтумен жүр. Ұлының мойын омыртқасы мен бас сүйегінің талқаны шыққан. Дәрігерлер шашылған шүйкені жинап, үгіліп кеткен самай тұсындағы аумақты сүйек цементімен жамапты. Бастың ауыруы бір сәтке тоқтамайды екен. Оның үстіне қылмыстық істің сағызша созылғаны ананы ашындырып отыр.

Зауреш Тойлыбаева, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Барлығы кінәні маған артқысы келеді. «Балаңа ие болмайсың ба?» дегендей. Дәрігерлер қабылдауына әрең ілігеміз, жергілікті әкімдік маңайына жолатпайды. Облыс әкімі жеке бақылауына алып, тергеуді жан жақты, тез арада жүргізуді тапсырған. Алайда қала билігі құрылыс компаниясының сөзін сөйлейді, тергеудің аяқталар түрі жоқ. Істің аяғын құрдымға кетіруге тырысып жатқан сияқты.

Кәмелетке толмаған баланы жұмысқа салғандар еңбек инспекциясымен ерегесіп отыр екен. Олар құзырлы орган анықтаған заңбұзышылықты мойындамай сотқа арызданыпты. Ал сол тексеріс қортындысын қоспайынша, қылмыстық істі сотқа жібере алмай, тергеушілер жіпсіз байланып отыр екен.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Кәмелетке толмаған бала ауыр дене жарақатын алғаны белгілі болды. 2020 жылдың қараша айының соңында істі тергеп жақтан тергеушімен Қарағанды облысының еңбек инспекциясына кезектен тыс тексеріс жүргізуге қаулы жіберілді. Қаулы қортындысымен қылмыстық іс бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.  

Құрылыс компаниясына қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ оның сотқа жетер түрі көрінбейді. Жалғызбасты ана емхананаң табалдарығын тоздырып, балаға мүгедектікті де ала алмай жүр. Ал құрылыс компаниясындағы қалталылар баланың болашағына балта шаптық деп тұрған жоқ. Тіпті «арызды қайтып алмасаң, оңбайсың, деп, дөң айбат көрсетеді екен.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде