{metadescription}
0:000:00
СҚО-да инфекциялық стационар жабылып қалды

СҚО-да инфекциялық стационар жабылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандарды емдейтін инфекциялық стационар жабылып қалды. Өйткені өңірде қауіпті кеселмен ауыратын науқастар саны азайған.

Егер бұған дейін тәулігіне КВИ жұқтырған 110 науқас тіркелсе, соңғы күндері оның саны 50-60-қа дейін азайған. Ауруханаға күн сайын ем-дом алуға 35 науқас жатқызылады. Барлық жұқпалы ауру бөлімшелеріндегі орынның 60 пайыздан астамы бос тұр. Сондықтан денсаулық басқармасындағылар  науқастарды облыс орталығынан  небәрі 15 шақырым жердегі Қызылжар аудандық ауруханасынан арнайы инфекциялық клиникаларға ауыстыруды жөн деп шешкен.

Құмар Күсемісов, СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Жұқпалы аурулар стационарында орналастыруды ұйымдастыру вирустың көбейіп-азаюына байланысты. Кейде күрт азайып кетсе, уақытша жұмысты қысқарту әдеттегі жағдай. Сондықтан ешқандай  дүрлігу жоқ, қалыпты көрініс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде