{metadescription}
0:000:00
Жұмыртқа неге қымбаттады?

Жұмыртқа неге қымбаттады?

Жұмыртқа да жиырма пайызға қымбаттаған. Бұл бір жылдағы статистика болғанымен, жұмыртқа енді қазақстандықтарға жеңсік әрі ең арзан тамақ санатынан шығып қалатын түрі бар. Қазір оның он түйірі 600 теңгеге жетіп жығылған. Доллар мен мұнай бағамына қатысы шамалы әрі өзімізде өндірілетін өнімнің бұлай қымбаттауын көпшілік түсінбейді.

Нарықтағы бағаға ауыл шаруашылығы министрлігі де алаңдаушылық білдіріпті. Қымбатшылықтың себебін тілшіміз білуге тырысты.

Пандемия кезінде бағасы шарықтаған өнімнің қатарында бұдан былай жұмыртқа да бар. Дәрі-дәрмек пен доллардың күнде құбылатын құнына көзі үйренген жұрт жұмыртқа қымбатшылығын түсіне алмай жүр. Әсіресе алматылықтар. Қала дүкендеріндегі құн қазір 590-600 теңге төңірегінде.

Қымбат. Әкімдік те қарау керек, тексеру керек.

Не істейміз енді? Көнуге тура келеді.

- Жарық  қымбаттайды. Көлік шығыны, жанар-жағармай бәрі қымбаттады.

Жұмыртқа пішіні мен салмағына қарай негізінен төрт санатқа бөлінеді. Сәйкесінше, соған байланысты әр түрлі бағасы да бекітіледі. Сарапшылардың есебінше, бір жылдың ішінде жұмыртқа құны 19 пайызға қымбаттап кеткен.

Қымбатшылық қалта түбін қағып жатқанына көп балалы ана Райхан Қазақпаева қапалы. Әлеуметтік тауардың қолжетімділігін атқамінерлер қадағалауға міндетті деген пікірде.

Райхан Қазақпаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бағаны қадағаласын, қазір оңай емес қой, бұл заманда. Баға күннен-күнге қымбаттап бара жатыр. Жалғыз жұмыртқа емес, бар нәрсе. Әзірге ірі супермаркеттердегі баға ауыздықталып тұр. Жұмыртқа құны дүкендерге қарағанда орташа 50-70 теңгеге арзан. Олар қымбатшылықты күздегі құс тұмауымен байланыстырады.

Дмитрий Шишкин, супермаркеттің PR менеджері:

Көптеген фабрика құс тұмауына байланысты шығынға ұшырады. Мәселен, Алматыдағы екі ірі өнім жеткізуші компанияның жұмысы тоқтаған соң, Қарағандыдағы кәсіпкерлермен келісімшартқа отырдық. Әкімдікпен арадағы келісімге байланысты бізде әлеуметтік өнім, оның ішінде жұмыртқаның бағасы бақылауда.

Ақтөбедегі құс фабрикасынан күніне 200 мыңнан астам жұмыртқа жан-жаққа жөнелтіледі екен. Қаңтарға дейін жұмыртқаның 10 данасын көтерме бағамен 330 теңгеден сатса, бір ай өтер өтпестен қазір 345 теңге. Тауық өнімінің қымбаттауын олар өзінше түсіндіреді.

Әнуар Шамиль, құс фабрикасының қаржы директоры:

Бізде жемнің бағасы қымбаттап кетті. Қымбатшылық егістік науқаны аяқталғанда басталды. Біз бірінші кезекте сол жемнің жеткізілуіне тәуелдіміз. Оның құны көтерілсе, сәйкесінше. бізде бағаны қымбаттатуға мәжбүрміз.

Ауыл шаруашылығы министрлігі себепті басқа жақтан іздеп отыр. «Құнның құбылуына бірінші кезекте делдалдар әсер етеді» - дейді құзырлы орган өкілдері. Сол алыпсатарлар тіпті 30-50 пайызға дейін қымбаттауға себепкер болуы мүмкін екен.

Зейнолла Шәріпов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры:

Делдалдардың осы жағдайға қалай әсер еткенін анықтау үшін тексеріс жүргізіледі. Одан бөлек, жұмыртқаның қымбаттауына өндірістік шығындар да әсер етуі мүмкін. Бұл маусымдық қымбаттау болып, қайтадан арзандайды деп сенгіміз келеді.

Министрлік бұл жағдайды бәсекелістікті қорғау және дамыту агенттігі електен өткізуі керек деген пікірде. Оған дейін тұрғындардың қымбат жұмыртқаны тұтынудан басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде