Елімізде карантин талабы біршама жұмсарды
Елдегі жалпы эпид-ахуалдың оңалғанына байланысты карантин талабы да біршама жұмсарды. Енді білім беру нысандарындағы асханалардың жұмысына – рұқсат. Тек әлеуметтік қашықтық пен санитарлық талап қатаң сақталуы тиіс.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
05.02.2021
«Қызыл» және «сары аймақтарда» орналасқан діни нысандарда қоғамдық іс шараларға әзірге рұқсат жоқ. Ал «жасыл аймақтағы» мешіттерде бес уақыт намаз оқуға болады. Тек келушілердің саны 30 пайызға дейін болғаны жөн, онда да 100 адамнан аспауы шарт.
Шекара асып келгендерге қатысты талап та өзгерді. Барлық келушілердің қолында мерзімі үш тәуліктен аспайтын теріс нәтижелі ПТР-анықтама болуы тиіс. Бірақ бұл талаптың 5 жасқа толмаған балаларға, Қазақстан Республикасы үкімет делегациясына, әуе компанияларының экипаждарына қатысы жоқ. Егер шетелден келген адамның қызуы байқалса, анықтамасы болса да стационарда оқшауланады. Ал транзиттік жолаушылар әуежайдың арнайы аумағынан аттап баспайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!