{metadescription}
COVID-19: 300-ден аса адамның жағдайы өте ауыр
Елімізде соңғы тәулікте 1186 адам коронавирус құрығына іліккен. Ал пневмония жұқтырғандар саны тағы 71 адамға толықты.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
05.02.2021
Кешелі бері COVID-19 инфекциясынан 6 адам ажал құшып, індет құрбандары 3 мыңға жуықтаған. Қазір ауруханада жатқан 300-ден аса адамның жағдайы өте ауыр. Ал коронавирус пневмониясынан соңғы тәулікте 6 адам көз жұмды.
Жұқпалы дертке шалдыққандардың жалпы саны – 192 825. Өкпесі қабынғандар 48 мыңнан асты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!