{metadescription}
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай тойланады?
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай тойланады?

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай тойланады?

2025 жылға дейін мемлекеттік активтердің біраз бөлігі саудаға шығарылып, 5 триллион пайда көрмек. Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Тек карантин шағына тап келгендіктен, ағыл-тегіл той болмайды. Әйтсе де президенттің азаматтардың отаншылдық сезімін нығайту, әз-Наурыз ауқымын кеңейте түсуге қатысты біраз ұсынысы бар. Оны елордалық тілшіміз сараптап көрді.

Былтыр Абайдың 175 жылдығы карантин шектеулеріне байланысты қалай тойланғаны есімізде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы сол тәжірибенің ауылынан алыстамайтын секілді. Пандемия кезіндегі қауіпсіздік талаптары сол күйі сақталады. Ал жұмсалатын қаражат тиімсіз форумдар мен конференцияларға кетпеуі керек.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – өткенді қорытындылап, келешекке бағдар жасау. Бұл орайда желісі үзіліп қалған «Халықтық IPO» бағдарламасына қайта жан бітеді. «Елдегі кәсіпкерлік саласын мемелкеттік активтерді жекешелендіру арқылы күшейтеміз» - дейді Тоқаев. Сол үшін 2025 жылға дейін ұлт байлығы саналатын ірі мекемелердің бір бөлігін халыққа сатып, содан 5 триллион теңгеге дейін пайда түсіруді көздеп отыр.

Екіншіден, ел азаматтарының, әсіресе өскелең ұрпақтың отаншылдық сезімін нығайтуға мән беріледі. Оның нақты қадамы деп, президент мемлекеттік тілді меңгергісі келетін азаматтарымызға қолдау көрсетуге шақырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Қазақ тілін меңгеру – біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам. Сондықтан тіл үйренуге талпынған азаматтарымызды бәріміз қолдайық. Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін.

Тоқаевты толғандырған тағы бір өзекті мәселе – табиғат. Әсіресе ауаның ластануы. Өндірісті дамытамыз деп жүргенде көрікті жерлеріміз  жыл сайын жұтаңдап бара жатыр. Сондықтан мемлекет басшысы «Таза табиғат» жобасын жүзеге асыру керектігін айтады. Оған жарқын мысал ретінде әз-Наурызды мерекелеудің ауқымын кеңейтуді ұсынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Мысалы, мен Ұлыстың ұлы күнін жаңаша атап өтуді ұсындым. Бабаларымыз әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастырайық. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл ата салтымыз және ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы.  

Наурыз мейрамы жайлы Тоқаев бұған дейін де айтқан еді. Жыл басында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ұлық мейрамның тұжырымдамасын жасауды ұсынған.

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлау марапатсыз да қалмайды. Тоқаевтың айтуынша, мемлекетімізді нығайтуға, елімізді дамытуға үлес қосқан азаматтарға лайықты құрмет көрсетіледі және  «Қазақстан Республикасының 30 жылдығы» атты мерейтойлық медаль шығарылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде