Эбола Африкада қайта белең алды
Африкада геморрагиялық қызба – Эбола қайта белең алды. Қатерлі індетті Конго тұрғындары жұқтырған.
Автор: Аруна Ортай
08.02.2021
Вирус елдің Солтүстік Киеву провинциясынан шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ең мықты деген дәрігерлерін сондағы Бьена деген шалғай елдімекенге жөнелтті. Науқас келіншек ауруханаға айдың басында түскен. Бірақ оның Эбола жұқтырғаны бірнеше күннен кейін анықталған. Келіншек қатерлі індетпен күресе алмай көз жұмды. Эболаны марқұмның қандай жағдайда жұқтырып алғаны белгісіз. Сондықтан дәрігерлер провинция тұрғындарын жаппай тексеріп жатыр.
Соңғы рет Эбола екі ай бұрын Қара құрлықтың орталығында тіркелген болатын. Онда да жағдай қайғылы аяқталды. Эбола – жер бетіндегі ең қауіпті вирустың бірі. Оны жұқтырған адамның өмір сүруге тек 10 пайыз мүмкіндігі бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!