{metadescription}
Атырауда құрылысшыларды зар жылатқан «Техника-Рем Строй» тексеріліп жатыр
Атырауда құрылысшыларды зар жылатқан «Техника-Рем Строй» тексеріліп жатыр

Атырауда құрылысшыларды зар жылатқан «Техника-Рем Строй» тексеріліп жатыр

Атырауда айлығын даулаған құрылысшылар шу шығарды. Дамба ауылында мектеп салып жатқан жұмысшылар бір-ақ күнде жер сипап қалыпты. Өйткені мердігер компания «құрылысты күн жылығанда жалғастырамыз» деп кетіп қалған. Ал жұмысшыларға жалақы сол күйі төленбепті.

Тіпті медициналық сақтандыру мен зейнетақы қорына да бір жылдан бері көк тиын аударылмаған.

Дамба аулының іргесінде мектеп салып жатқан құрылысшылар екі айдан бері жалақы даулап жүр. Мердігер мекеме желтоқсаннан бері жұмысшыларға көк тиын төлемеген. Медициналық сақтандыру мен зейнетақы қорына да бір жылдан бері ақша аударылмаған.

Асхат Балыбаев, құрылысшы:

- Бәріміз қарағанда, ештеңе түспепті. Зейнетақы қорына барып сұрағанда «біз  ештеңе айта алмаймыз, ештеңе жоқ, тап-таза» деді, яғни ештеңе түсірмеген. Бірақ біз күнде айтқан сайын, олар: «Біз аресттеміз біз төлей алмаймыз» - дейді. «Төлемейміз» деп соңғы әңгімелескенде айтты. «Бізде ақша, түк жоқ, өздерің біліңдер» деді.

Қазір мектеп құрылысы тоқтап тұр. «Техника-Рем Строй» компаниясы құрылысты күн жылынғанда қайта бастаймыз деп уәде еткен. Ал құрылысшылардың қолына не мөрі, не серіктестік өкілінің қолы қойылмаған бір жапырақ қағаз ұстатып кетіпті.

Алмагүл Аманғалиева, «Анар-Дидар» ЖШС директоры:

Он адам болып келдік. Мен мердігермін! Жұмысымды аяқтадым, маған бұлар ақшасын төлеу керек! Осы күнге дейін төленген жоқ! Әлі «ертеңмен» келе жатырмыз ғой. Шыдамның да шегі бар!

Маңдай терін даулаған жұрттың мұңы атқамінерлердің құлағына да жетті. Қала әкімінің орынбасары мен құрылыс басқармасының өкілдері құрылысшылардың айлығын «алдағы аптада алып береміз» деп уәде берді.

Мерей Жантөреев, Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Қаражатты осы аптаның ішінде толық төлеп бітіреді, барлығына береді. Тағы бір-екі мердігер бар екен, олардың да ақшасын төлеп, бір аптаның ішінде ретіне келтіреді.

Жұмысшыларын зар жылатқан құрылыс компаниясын қазір еңбек инспекциясы тексеріп жатыр. Белгілісі, «Техника-Рем Строй» мекемесі Түркістан облысында тіркелген екен. Олар мектеп құрылысын тамызда аяқтап, қолданысқа беруі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде