{metadescription}
Sagiz Petroleum мұнайшылары наразылыққа шықты
Sagiz Petroleum мұнайшылары наразылыққа шықты

Sagiz Petroleum мұнайшылары наразылыққа шықты

Ақтөбеде мұнайшылар наразылығы тоқтамай тұр. Бұл жолы «Сағыз Петролиум компания» жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп, вахтадағы жұмыс уақытын он бес күнге қысқартуды сұрайды.

Болатқан Жұмағалиев, мұнайшы:

- Айлығымыз 130-140 теңге. 110-120 алатындар бар. Ол бір ипотекаға төлеуге  келмейді. Талабымыз – 200 мың және 15 күн вахта.  

Ұйытқыған жел мен үскірік аязға қарамастан, 60 шақты жұмысшы мұнай компаниясының кеңсесінің алдына жиналды. Бірақ суықта бүрсеңдегендерді басшылары ішке кіргізбей қойды. Мұнайшылар ықтасында тұрып, талаптарын еңбек инспекторлары арқылы жеткізді.

«Сағыз Петролиум» компаниясы Ақтөбе мен Атырау облысында геологиялық барлау және мұнай іздеумен айналысады. Тоғыз бірдей кеніште жұмыс істейді екен. Соған қарамастан қытайлық инвесторлар бекіткен жұмысшылар жалақысы 150 мың теңгеге жетпей отыр. «Үш жылдан бері осыны айтып бірнеше рет арыз жаздық» - дейді мұнайшылар. Шыдамы таусылып, аязға қарамастан наразылыққа шыққан. Дауға араласқан еңбек инспекторлары қос тарап келісімге келер деген үмітте.

Саламат Аманбаев, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы:

- Егер татуласудан нәтиже шықпаса бұлар заңға сәйкес әрі қанағаттанбаса, пікірін айтып, еңбек арбитражы қарайды. Егер еңбек арбитражда шешімге келмесе, онда сотқа шағымдануға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.