{metadescription}
Құлсарыда баспанасын даулағандар өтемақы ала алмай жүр  
Құлсарыда баспанасын даулағандар өтемақы ала алмай жүр  

Құлсарыда баспанасын даулағандар өтемақы ала алмай жүр  

Атырау облысында тоғыз жыл бұрын апатты деп танылған бес қабатты үйдің жыры бітер емес. Себебі, Құлсарыдағы шатыры шұрық-шұрық, қабырғасы қақыраған баспананың тұрғындары әлі күнге өтемақы ала алмай жүр.

Жергілікті биліктен қайран болмаған соң, баспанасын даулағандар облыстық әкімдік алдына жиналды.

Жадыра Арыстанғалиева, Құлсары қаласының тұрғыны:

- Бізге бір бөлмеге төрт миллион беріледі. Нарықтағы бағамен екі бөлмеге алты миллион, үш бөлмеге – сегіз, төрт бөлмеге он миллион беріп, соның шамасынан шаршы метрден төмен болмайтын қалаған үйлеріңізді қараңыздар деді. Біз соны шешіп, іздеп қарап тапсырған кезде  бізге жемқорлыққа қарсы агенттіктен хат жіберді, тоқтатамыз. Ақшаны миллиондап қисын, 74 миллион теңге артық деп, бюджетті үнемдеу мақсатында деп айтты.

Былтыр апатты үйге бағалау жүргізіліп әр тұрғынға тиесілі қаражат көлемі белгіленген. Алайда жемқорлыққа қарсы агенттік ескі үйлер нарық бағасынан қымбатқа бағаланғанын анықтапты. Сондықтан өтемақы беру тоқтатылған. Алайда ашынған тұрғындар аудан орталығында бір бөлмелі пәтер 5 миллион, ал жаңадан салынған үйлерде 8 миллион теңгеден асып жығылады дейді. Егер өтемақы көлемі таға азайтылса, тіпті баспанасыз қаламыз деп алаңдайды. Ал құзырлы орындар құлағалы тұрған үйге қайта бағалау жасалатынын жеткізді.

Жәнібек Қаражанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Осы хаттың негізінде Жылыой аудандық әкімдігінің ТКШ бөлімі аталған мемлекеттік сатып алуды өткізуден бас тартты. Әкімдік біздің хатымызды елемей, жалғастыруына да құқығы бар. Бірақ мемлекеттік сатып алудың өз рәсіміне сәйкес жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде