{metadescription}
COVID-19: Бір күнде 11 науқас көз жұмды
COVID-19: Бір күнде 11 науқас көз жұмды

COVID-19: Бір күнде 11 науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан коронавирус таралу қаупі бойынша «сарыдан» «қызыл» деңгейге қайта өтті. Бұл еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың әлі де дұрысталмай тұрғанын көрсетеді. Десе де статистика азайып жатқандай. Соңғы тәулікте Ковид-19-бен тіркелгендер саны мыңнан сәл асады. Оның 18-і коронавирус пневмониясына шалдыққан.

Бір күнде қауіпті кеселмен күресіп 11 науқас ажал құшты. Оның бесеуі өкпесі қабынып қайтыс болған. Бұған қоса ауруханада жатқан 268 адамның жағдайы ауыр.

Аймақтағы статистика бойынша «қызыл» деңгейдегі өңірлер көш басында. Бір тәулікте Павлодар облысында 222, Ақмола облысында 118 тұрғын ауру жұқтырған. Ал «сары» жолақта – Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Дендеген дертке душар болғандардың жалпы саны 196 мыңнан, көз жұмғандар саны 2600-ден асты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде