{metadescription}
Францияның бірқатар аймағын су басты
Францияның бірқатар аймағын су басты

Францияның бірқатар аймағын су басты

Тасқынға тосқын болмай тұр. Францияда толассыз жауған нөсерден тағы да бірнеше аймақты су басып қалды.  

Топан судан әсіресе Сент қаласы қатты зардап шекті. Өзен деңгейі рекордтық 6 метр 20 сантиметрге дейін көтерілген. Соның салдарынан бүтін бір аумақ бір жарым метр көлкіген судың астында қалды. 400-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 800 тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Төтенше жағдай Эсбли қаласының тұрғындарын да әбігерге салды. Мұнда да толассыз жауынның соңы тасқынға ұласқан. Апат аймағына Францияның басқа өңірлерінен де құтқарушылар жұмылдырылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде