{metadescription}
СOVID-19: Әлемде індетке шалдыққандар 105 миллионнан асты
СOVID-19: Әлемде індетке шалдыққандар 105 миллионнан асты

СOVID-19: Әлемде індетке шалдыққандар 105 миллионнан асты

Әлем елдерінде ауру әлі де асқынып тұр. Бүгінге дейін коронавирусқа қарсы түрлі вакцинаның 128 миллионнан астам дозасы салынған. Соған қарамастан жер жүзінде індетке шалдыққандар азаймай, 105 миллионнан асып түсті. Эпид-ахуал әсіресе АҚШ, Үндістан және Бразилия елдерінде ушыққан. Кәрі құрлықта да кесел жабысқан жандар күрт көбейді.

АҚШ осы күнге дейін Pfizer/BioNTech вакцинасының 40 миллионнан астам дозасын салып үлгерген. Соған қарамастан Америкада эпид-ахуал ушығып тұр. Соңғы тәулікте 27 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 834-і көз жұмған. Бұл елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 27 миллионнан асып жығылды.

Әу баста індет ошағы болған Қытайда жағдай тұрақталыпты. Қытай екпе салдыру көрсеткішінен екінші орынға жайғасты. Қазір Қытайда өзі шығарған Sinovac вакцинасының 32 миллионға жуық дозасын салдырған. Кешелі бері мұнда тек 14 адамнан СOVID-19 инфекциясы анықталыпты. Қытайлық ғалымдар індетке қарсы күресте екпенің атқарған рөлі зор деп отыр.

Еуропа елдерінде түрлі вакцинаның 17 миллионға жуық дозасы пайдаланылыпты. Бірақ жұрт жаппай екпе алғанымен, кесел әлі де кеулеп тұр. Жұқпалы дерттің өршуі Ұлыбритания, Италия және Испанияда байқалады. Тіпті кейбір елдер карантин режимін қайта енгізуге мәжбүр.

Оңтүстік Африка республикасы AstraZeneca вакцинасын салдыруды уақытша тоқтатты. Ел билігі мен ғалымдары аталған швед-британдық препарат коронавирустың жаңа штаммына қарсы тұра алмауы мүмкін деген пікірде.

Звели Мхизе, ОАР Денсаулық сақтау министрі:

- АstraZeneca вакцинасынан уақытша бас тарттық. Қазір ғалымдар препарат құрамын тексеруге кірісті. Егер кеселмен күресте пайдасы анықталса, жұрт қайтадан екпе салдыра бастайды.

Әлемде түрлі вакцинаның 128 миллионан аса дозасы пайдаланылған. Бұл жаһан жұртының бір пайызы ғана. Мамандар вакциналау науқаны толық аяқталған соң ғана жағдай оңалатынына сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.