{metadescription}
Мұзжарғыш кеме итбалықтар жатағын жарып өткен – Атырау
Мұзжарғыш кеме итбалықтар жатағын жарып өткен – Атырау

Мұзжарғыш кеме итбалықтар жатағын жарып өткен – Атырау

Табиғатқа жасалған тағы бір қастандық. Келеңсіз жайт бұл жолы да Каспий теңізінде болды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада итбалықтар мекендейтін аумақты мұзжарғыш кеменің кесіп өткен. Жарылған мұзда теңіз маржанының күшіктері үркіп, жан-жаққа қашып жатыр. Алайда итбалықтардың жатағын жарып өткен кеменің қай мекемеге тиесілі екені белгісіз. Экологтар: «Жаңа туған төл жалғыз өзі өмір сүре алмайды» деп дабыл қағуда. Ал қаңтар мен наурыз айының аралығында итбалықтың көбейетін кезеңі. Осы мезгілде заң бойынша теңіз жануарлары жүретін аумаққа кеменің жақындауына да тыйым салынған. Бірақ теңіз табанынан мұнай өндіруші компаниялар мұны пысқырмайтын секілді.

Тимур Баймұқанов, «Гидробиология және экология институты» батыс секторының жетекшісі:

- Қысқы кеме қатынасы – Каспий итбалықтарының азаюына әкеліп соғатын бірден-бір фактор. Мұзжарғыш кемелердің ережені сақтамауы бейнежазбада анық көрінеді. Олар итбалықтардың жатағынан алыс жүруі керек. Гидробиология және экология институты Каспий теңізінде кеме қатынасын ретке келтіру үшін Геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныстар әзірледі. Итбалықтардың жойылып кетуіне жол бермеу үшін шұғыл шара қабылдау қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде