Covid-19: бір тәулікте 12 адам көз жұмды
Тәулік ішінде коронавирустан 12 науқас ажал құшты. Ал 918 адамға – Covid-19, бесеуіне пневмония диагнозы қойылды. Эпидемиологиялық ахуал әсіресе Павлодар облысында ушығып тұр. Бір тәулікте мұнда 200-ден аса адамнан індет анықталған. Өңір қазір қауіптің «қызыл» деңгейінде.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
09.02.2021
Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы да «қызыл аймақта». Ал Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары індеттің таралуы бойынша «сары» деңгейде тұр.
Дәл қазір қауіпті дерттен 26 мыңнан аса адам емделіп жатыр. Оның ішінде 50 науқас өте ауыр жағдайда. Осыған дейін коронавируспен тіркелгендердің жалпы саны 197 мыңнан асты. 2613 адам аталмыш індеттің құрбаны болды. Ал пневмония 48 мың 318 адамнан анықталып, 584-і бақилық болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!