Вакцина салдырған эпидемиологтың қызуы көтеріліп жатып қалған – Алматы
Қызуы көтеріліп жатып қалған. Алматылық эпидемиолог коронавирусқа қарсы вакцинаның ағзасына қалай әсер еткенін айтты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
09.02.2021
Эльвира Ибрагимова, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының эпидемиологы:
- Кез келген екпеге адам ағзасы реакция береді. Бұл қалыпты құбылыс. Коронавирусқа қарсы вакцинаны мен де алдым. Сол күні қызуым көтеріліп қалтырай бастадым. Ол бір күнге созылды. Келесі күні денсаулығым қалпыма келді.
«Спутник V» екпесінің кері әсері әзірге ешкімнен байқалмапты. Коронавирусқа қарсы вакциналау басталғалы Алматыда 1315 медицина қызметкері екпе салдырған. Денсаулығын алдын ала тексергенде 59 дәрігердің вакцина алуына тыйым салынды. Олар коронавирусқа қарсы екпені кейінірек алады. Ал екі адам індеттен «Спутник V» арқылы қорғанудан бас тартыпты. Осыған дейін екпе алғандар ақпанның 21-інде вакциналаудың екінші кезеңінен өтеді. Қазір мамандар қалаға вакцинаның тағы 1750 дозасының жеткізілуін күтіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!