Тасқын: БҚО-да Рубежка өзені арнасынан асты
Батыс Қазақстан облысында шағын бөгетті су шайып кетті. Күннің күрт жылынуынан Бәйтерек ауданындағы Рубежка өзені арнасынан асқан. Тасқын су Орал қаласымен бірнеше елдімекенді байланыстыратын жалғыз жолды бүлдірген.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
09.02.2021
Арнасынан асып-тасыған Рубежка өзені соңғы жылдары тартылып қалған соң, шаруалар ағыны қаттылау жерден егістігін суаруға бөгет жасап қойған. Алайда биылғы мол түскен ылғалдан бөгет топырағы басылып, тасыған су жолды шая бастапты. Егер судың арнасын бұрып бөгеттің қабырғасын бекітпесе, бірнеше ауыл мен Чинаревское кенішінен облыс орталығына шығатын жалғыз жол жабылып қалады. Әзірге мұнда көлік қозғалысы шектелген жоқ. Өйткені өңірде 25 градус аяз. Десе де синоптиктер бірер күнде күн күрт жылынатынын айтады.
Бақтияр Исрайылов, Бәйтерек аудандық ТЖБ бастығы:
- Судың деңгейі түсіп келеді. Уақытша айналма жолдағы қауіп сейілді. Дегенмен опырылған жерлерді бекітуіміз керек. Топырақ әкеп төгіп, қабырғасын қатайтамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!