{metadescription}
Ашулы жұрт құрылыстың басталуына жол бермеді – Алматы
Ашулы жұрт құрылыстың басталуына жол бермеді – Алматы

Ашулы жұрт құрылыстың басталуына жол бермеді – Алматы

Құрылысқа қарсылық. Алматыда тұрғындар құрылыстың басталуына жол бермеді. Ашуға мінген жұрт ауланы қоршауға келген жұмысшыларды айғай-шумен қуып шықты.

- Халықты неге тыңдамайсыздар?!  

Тұрғындар ленталарды жыртып, қазылған жерлерді қайта көмді. Халықтан қаймықты ма, әйтеуір құрылысшылар жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. Жұрт пікірін пысқырмайтын компанияны сотқа беруге бекінген. «Себебі іргемізден биік нысан салынса, жүріп-тұруымыз қиындап, тынысымыз тарылады» - дейді бұқара.

Бұған дейін бұл үйдің тұрғындары құрылыс компаниясы дауға себеп болған жерге көпқабатты үй тұрғызады деп шағымданған. Сол уақытта компаниядан ешкім жауап бермеген. Бұл жолы көпшіліктің жанайқайын тыңдауға оның заңгері келді. Айтуынша, бұл аумақ жекеменшікке тиесілі. Сондықтан ол қарсы тараппен соттасуға дайын.

Вячеслав Сошков, құрылыс компаниясының заңгері:

2019 жылдың мамыр айында компания жерді сатып алды. Сосын карантин басталып, біз жұмысты бастаған жоқпыз. Енді жерімізді қоршауға алып, нақты қандай нысан салынатынын ойластыру керек. Бірақ жұрт оған кедергі келтіріп отыр. Біз барлығын заң аясында шешкіміз келеді. Тұрғындар сотқа берсе, құқығымызды қорғауға дайынбыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде