{metadescription}
Семейде жылу қазандығының дәл жанындағы үйлерде пеш жағып отыр 
Семейде жылу қазандығының дәл жанындағы үйлерде пеш жағып отыр 

Семейде жылу қазандығының дәл жанындағы үйлерде пеш жағып отыр 

Семейде жылу қазандығының дәл жанында орналасқан үйдің тұрғындары тоңып отырмыз деп шу шығарды. Себебі, қос қабатты баспаналар орталық жылу жүйесіне қосылмаған. Бүрсеңдеп тоңған   тұрғындар 20 жылдан бері пәтерін көмір пешпен жылытуға мәжбүр.

Ал осы маңдағы бай-бағландардың коттедждері әлдақаш орталық жүйеге қосылған. Қаз-қатар тізілген қос қабатты төрт үйде 30-дан астам пәтер бар. Тұрғындардың орталық жылу көзінен ажыратылғанына 20 жыл болған. Бірі  қарапайым пеш, екіншілері шағын электр қазандығын орнатып алған.  Бірақ қыста тізесін жылытуға тұрғындардың ешқайсысы қауіпсіздік ережесіне бас қатырмайды.

Валентина Илюшкина, Семей қаласының тұрғыны:

- Біздің үй жанып кетуі мүмкін – едені, төбесі, бәрі ағаш. Түтін шығатын мұржамыз да ескірген. От шықса, лап ете қалады. Амалсыз от жағамыз. Қауіпсіздікті сақтап отырсақ, қатып қалмыз ғой.

Үйлер жылу қазандығының дәл жанында орналасқан. Орталық жүйеге қосыңдар деп талай табалдырықты тоздырыпты. Бірақ әзірге бүрсең қаққан халықтың мұңы шенділердің құлағына жетпей жатыр. Ал төңіректегі бай-бағландардың зәулім үйлері орталық жылу жүйесіне жалғанған. 

Думан Жұмаханов, Семей қаласының тұрғыны:

- Жолдың бір жағында жаңа салынған екі қабатты коттедждер тұр. Бәрінде жылу бар. Бізде нееге жоқ? Соны түсінбеймін.

Жылу іздеп жиналған жұртқа шаһар басшысының орынбасары келді. Әдеттегідей уәдені үйіп-төккен ол: «Үйлердің бәрі жылу жүйесіне қосылады» дейді. Бірақ шенеуніктің құр уәдесіне тұрғындар сенбеді. Амалы таусылған атқамінер жылу сұраған халықты қала әкімімен кездесуге шақырды.

Қанат Әділбаев, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

- Сағат үштен кейін жұмыста болады. Өзіңіз немесе тағы бір кісі болса жеткілікті. Қазіргі жағдайды түсіне тұра, жеке қабылдау деген жоқ. Барлығы онлайн форматта жүріп жатыр. Осылай жиналып тұрғанның өзі дұрыс емес. Оны болдырмас үшін ақылға келіп, айғайламай-шуламай, әкімнің өзі сұрақтарыңызға жауап берем деп отыр.

Дегенмен мамандар үйлердің орталық жылу жүйесіне қосылу мәселесі үлкен жұмысты талап ететінін жеткізді. Олар есеп-қисаптан кейін қаражат мәселесі шешілген жағдайда, жобаны әзірлеуге кіріспек ниетте. Ал оның қашан шешімін табатыны әзірге белгісіз. Алайда атқамінерлер қарашаны жылумен қамтуға уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде