{metadescription}
Саудагерлер Мәртөктегі жалғыз базардың жабылуына қарсы – Ақтөбе облысы
Саудагерлер Мәртөктегі жалғыз базардың жабылуына қарсы – Ақтөбе облысы

Саудагерлер Мәртөктегі жалғыз базардың жабылуына қарсы – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысындағы саудагерлер жалғыз базардың жабылуына қарсы. Былтыр Мәртөк елдімекеніндегі сауда орнын мониторинг тобы тексерген. Сол кезде үнсіз кеткен комиссия арада үш ай өткен соң, індетке қарсы  санитарлық талапты бұзды деп айыппұл салған. Кәсіпкер: «Қомақты айппұл төлегенше, табысы жоқ базарды жапқаным тыныш» - деп отыр.

Ал азын-аулақ тауарын  сатып күн көрген саудагерлер екі ортада не істерін білмей дал.

Мәртөк ауданының орталығындағы бұл базарда 20 шақты саудагер жұмыс істейді. Келушілері де көп емес. Тек айдың басында жұрт жалақысы мен зейнетақысын алған кезде сауда қызады екен. Оған да шүкіршілік етіп отырған саудагерлер: «Базар мүлдем жабылса, қайда барамыз?» - деп бас қатырып отыр. Өйткені былтыр тексеруге келген мониторинг тобы үш айдан соң ғана 700 мың теңге айыппұл салыпты. Базар қожайыны: «Шығынға батқанша, табысы жоқ сауда орындарын жоқ қыламын» - деп шешкен.

Құсайын Бекешов, Мәртөк ауылының тұрғыны:

- Енді базарды жабамын деп жатыр. «Мәртөкте бұны сақтай  алмаса жабамын, мен төлей алмаймын» - дейді. Жабылса, біз қаңғып қаламыз сол.Басқа жұмыс жоқ. 

Тексерушілер індетке қарсы санитарлық талаптар сақталмады деп шешкен. Мұнымен саудагерлер келіспейді. «Қол шаятын антисептиктен бастап, айтқандарының бәрін орындадық» - деп шыр-пыр болып жүр.

Балзада Жауылбаева, Мәртөк ауылының тұрғыны:

- Әрбір комерсанттың өз бутигі бар. Ол қырғын халық жүрген ештеңесі жоқ. Кірген адамдарға әр бутикте антисептигі, қолғабы, бетпердесі де бар. Келген адамдарға беріп тұрады.

Мәртөк ауданының санитар мамандары да «жалғыз базардың жабылғанын қаламаймыз» деп отыр. «Айыппұлды амалдың жоқтығынан салдық» - деп ақталды.

Айгүл Шарафутдинова, Мәртөк аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

Тәртіп бұзылған екен, айппұл төлеу керек. Өйткені қозғалған бап бойынша тек айыппұл қарастырылған. Шыны керек, мұндай шешімді қабылдау бізге де оңай болған жоқ. Ұзақ талқыланды.  

Санитар мамандар: «Базар иесі айыппұл төлеуден қашып құтылмайды» - деп отыр. Ал аудан басшылығы еш қолдау көрсете алмайтынын ашық айтады. Дегенмен базар қожайыны саудагерлерге айппұлды бөліп төлеу туралы ұсыныс білдірген. Бірақ азын-аулақ тауарын сатып отырғандар онымен келіскісі жоқ

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде