{metadescription}
Тәртіп сақшысы есірткі сатумен айналысқан – Маңғыстау облысы
Тәртіп сақшысы есірткі сатумен айналысқан – Маңғыстау облысы

Тәртіп сақшысы есірткі сатумен айналысқан – Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында есірткі саудасымен айналысқан полицей сотталды. 30 жастағы тәртіп сақшысы енді алдағы бес жылын түрмеде өткізеді.

Тәртіп сақшысының есірткі саудасымен айналысып жүргені былтыр жазда әшкере болған. Мұнайлы ауданының учаскелік полиция инспекторы танысына сіріңке қорапшасына салынған марихуанна сатқан. Есірткіні сатып алған азамат полицейді бірден ұстап беріпті. Алайда тәртіп сақшысы кінәсін мойындаған жоқ. Десе де 5 жылға үкім кескен судья оны шенінен айырып, мемлекеттік қызметтен біржола аластатты.

Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салынып және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен бірге ҚК 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес, полиция капитаны шенінен айыру туралы жаза тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде