Теміртауда микронесие ұйымын тонағандарды іздеп жатыр
Теміртауда бір шырпының көмегімен микронесие ұйымын тонап кеткендер әлі табылмай жатыр. Кассирдің үстіне бензин шашып өртеп жіберем деп қорқытқандар қомақты қаражат ұрлаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
10.02.2021
Дүңгіршекке ұрлана кірген екеудің бірі есікті торуылдап қалды. Екіншісі еңкейіп, жерден бөтелке алған.Құтыға жанармай толтырылған екен. Касса терезесінен кассирдің үстіне жанармайды құйып жіреген күдіктілердің бірі қолындағы шырпысын тұтатып, ақша талап етеді. Зәресі ұшқан 28 жастағы келіншек кассадағы 120 мың теңгені қарақшылардың қолына ұстата салған. Медициналық бетперде таққандар лезде із суытып үлгерген. Полиция тал түсте тапқырлықпен қарақшылық жасағандарды іздеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!