{metadescription}
Нұрлан Нығматулин: Қазақстан тарапынан келіссөздерге өңкей азуын батыра алмайтын көнбіс шенеуніктер барады
Нұрлан Нығматулин: Қазақстан тарапынан келіссөздерге өңкей азуын батыра алмайтын көнбіс шенеуніктер барады

Нұрлан Нығматулин: Қазақстан тарапынан келіссөздерге өңкей азуын батыра алмайтын көнбіс шенеуніктер барады

Кеден одағы аясындағы 10 жұмыс тобының тоғызын неге Ресей өкілдері басқарады? Мұның жауабын сұраған мәжілісмендерге бүгін Қаржы министрі жауап бере алмай әбден састы. Ерұлан Жамаубаев Төменгі палатаға біріккен кеден қызметтері туралы заң жобасын таныстыруға келген. Қаржы министрі ақыры сырғытпа жауаппен құтылуға тырысты.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:  

Бұл о бастан осылай қалыптасқан. Кеден қызметтерінің біріккен ұйымының хатшылығы Ресейде болғандықтан, мәселенің бәрі сол жақтан шешіледі. Бірақ жұмыс топтарында барлық тараптың дауысы бірдей. Және жұмыс істеп келе жатқан 10 жыл ішінде бірде-бір мәселе туындаған жоқ.

Бірақ министрдің бұл жауабы депутаттардың көңілінен шыққан жоқ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, келіссөздерге Қазақстан тарапынан өңкей азуын батыра алмайтын көнбіс шенеуніктер барады. Мәселе содан.

Ал депутат Геннадий Шиповских Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Ержан Қазанбаевтан еліміздің мемлекетаралық стандарттарды неге тым аз әзірлейтінін сұраған. Мәселен, соңғы үш жылда Қазақстан небәрі 168 стандарт әзірлеген. Оның қасында Беларусь – 725, ал Ресей 3860 стандарт енгізген. Шенеунік бұған жауап бере алмай қатты қиналды. Ресей экономикасы үлкен болғандықтан, стандарттардың басым көпшілігін де солар дайындайтынын айтып құтылғысы келді. «Ең болмаса, Беларусь құрлы сөзімізді жүргізе алмасақ, онда несіне «тереземіз тең» деп кеуде қағамыз?» деген депутаттардың сұрағына шенеунік сол күйі ләм-мим деп тіл қата алмады.

Ал депутат Азат Перуашевтің айтуынша, 2018 жылы Техникалық реттеу комитеті жыл сайын мың стандарт әзірлейміз деп уәде берген. Сол үшін бюджеттен қаражат да бөлініпті. Бірақ бөлінген ақша сұраусыз, айтылған уәде құр сөз күйінде қалған.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері: 

Қазір осы санды ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Неге аз әзірлейміз? Себебі – жұмыс істемейсіз. Қандай жауап – Ресей Федерациясы экономикасы бізге қарағанда салыстыруға болмайды. Қалай салыстыруға болмайды?!  Осы цифрға қарағанда сұрақ туғызады ғой, «жалпы не істеп жүрміз» дегендей.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.