{metadescription}

СҚО-да коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

Шектеу қамыты босады. Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері сауда орталықтарының жұмыс істеуіне, қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат берілді. Жаңа қаулының шығуына өңірде коронавирус жұқтыру көрсеткішінің төмендеуі себеп болған.

Әсет Жұматаев, СҚО Санитария-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Өткен тәулікте 68 жағдай тіркелді. Оның ішінде 33, не болмаса 49 пайызы ауру белгілері бар адамдар және 35 – ауру белгісі жоқ жағдай тіркелді. Өлім- жітім көрсеткіші қазір 0,18 пайыз немесе 42. Жағдайлардың жалпы санынан 16 пайызы профилактикалық тексеру кезінде анықталды.

Елімізде өткен тәулікте ковид-19 бен коронавирус пневмониясынан 11 адам қайтыс болды. Ал 1053 азаматтан КВИ анықталды.

Науқастардың жалпы саны 198 мыңға жетті. Коронавирус құрбандары 2621 адамнан асып кетті. Ал қос өкпесі  қабынғандар тағы 70-ке көбейді. Коронавирус пневмониясынан бақилық болғандар – 587.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 наурыз

28 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде