{metadescription}
Елімізде қанша адам коронавирус вакцинасынан бас тартты?
Елімізде қанша адам коронавирус вакцинасынан бас тартты?

Елімізде қанша адам коронавирус вакцинасынан бас тартты?

Медициналық бетперде тағу тәртібі елімізде сол күйі сақталады. Тек халықтың 60 пайызы вакцина қабылдаған жағдайда ғана ол міндет алынбақ. 10 миллион қазақстандық ковид-19-ға қарсы вакцина салдыруы тиіс.

Ал қазіргі жағдайда, жаппай вакцинация басталғалы өз еркімен келісім берген медицина қызметкерлерінің арасында енді одан бас тартушылар саны артып барады.

Павлодар облысында аталмыш вирусты жұқтыру көрсеткіші бүкіл өңірлердің арасында алдыңғы орында тұр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой командасымен бірге елдегі эпидемиялық ахуалды түсіндіру үшін журналистердің алдына шықты. Вакциналаудан бас тартқандар қаншаға жетті? Жалпы ахуал қандай?

Елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды дегеннен-ақ, әуелде келісім берген бірқатар дәрігер артынан райынан айныған. Бүгін әуелгі сөзінен айнып қалғандар саны 130-ға жетті. Оны Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.

«Екпені кейін салдырам» деп, уақытын созып отырған тағы 218 медицина қызметкері бар. Ал жалпы вакциналау басталғалы осы күнге дейін 13 мыңнан астам адам ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырған. Ол әзірге Ресейден алдырылған. Ал ресейлік вакцинаның Қарағандыда өндірілетін түрі 15-ақпаннан бастап қолданысқа түседі. Вакцинаны осыған дейін еліміздің денсаулық сақтау саласының бірқатар басшылары елдің көзінше салдырған. Тек министр Цой президент Тоқаев секілді отандық өнімді күтіп жүр.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 

Бізде қазақстандық QazCovid-In вакцинасы өндіріліп жатыр. Оның технологиясы «Спутник V-дан» сәл басқаша. Ол қазір клиникалық сынақтың үшіншісоңғы кезеңінен өтіп жатыр. Үш мыңдай адам екпе салдырды. Жақсы әсер беріп жатыр. Мен министр ретінде отандық вакцинаны қолдағым келеді. Дайын болған кезде алғашқылардың бірі болып, сол вакцинаны салдырамын.

Ал медициналық бетперде режимі биыл өзгертілмейді. Министрліктің жоспарына сәйкес, елде басталған жаппай вакциналау науқанында жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандық қабылдауы керек. Ал қалыпты өмір жағдайына көшуге бұл көрсеткіште кемі 10 миллион адамға жетуі тиіс. Сол межені көздесе керек, министрліктің енді жасы 65-тен асқан кісілерді де вакциналау науқанына қосатын ойы бар. Министр Цойдың айтуынша, бұған дейін клиникалық зерттеудің жетіспеуінен бұл санаттағы жұрт сырт қалған еді. Дегенмен жағдайды ушықтырып тұрған тағы бір жайт бар. Павлодар облысы екі аптадан бері вирус жұқтыру көрсеткішінен елдің алды болып келеді.

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы: 

Павлодар облысындағы науқас санының өсуі қаңтардың 16-17-нен бері байқалып келеді. Бұл жаңажылдық мерекеден кейінгі инкубациялық кезең. Жаңа жылдан кейін шектеу шаралары біршама жеңілдетілген еді. Оған қоса карантин талаптарының сақталмауы бар, барлығы қосылып өңірдегі аурулар санын әлдеқайда арттырып жіберді.

Облыс қазір «қызыл аймаққа» енгізіліп, қатаң шектеу енгізілсе де, көңіл көтеру орындары талапты орындамай отыр. «Жағдайдың оңалмауына ол да бір себеп» - дейді мамандар.

Алдағы наурыз айындағы мерекелер де былтырғыдай тым-тырыс күйде өтеді. Карантиндік шектеу сол күйі сақталады. Министрлік өкілдері әркімге тек үйінде – отбасында атап өтуге кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде