{metadescription}
Әлем: ДДСҰ жаңа AstraZeneca вакцинасын ұсынды
Әлем: ДДСҰ жаңа AstraZeneca вакцинасын ұсынды

Әлем: ДДСҰ жаңа AstraZeneca вакцинасын ұсынды

Әлемде коронавирусқа қарсы жаппай екпе салдырылып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тағы бір жаңа AstraZeneca вакцинасын ұсынды.

Оны, әсіресе COVID-19-дың жаңа штаммы тараған елдерге қолдануға кеңес берді. Бұған қоса тұрғындары екпе салдырған шет мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуалдың біршама жақсарғаны байқалады.

ДДСҰ бритаиялық-шведтік AstraZeneca компаниясы жасап шығарған жаңа вакцинаны қолдануды ұсынып отыр. Айтуларынша, бұл қауіпті кеселдің жаңа штаммдарымен күресе алады және 18 жастан асқандарға ғана егуге болатынын айтады.

Алехандро Кравиото, ДДҰ иммунизация бойынша сарапшылар стратегиялық тобының жетекшісі:

- Жаңа вакцинаның қауіпті дерттің ауыр түріне қарсы қолдануды ұсынғанымызбен, бұған дейінгі салынып келген екпелерді де тізімнен алып тастау керек деген сөз емес. Коронавирустан қорғайтын дәріні 55 жастан асқандар салдырмағаны жөн.

Еуропа елдерінде Сербия тұрғындары жаппай екпе алуда көш бастады. Мұнда 7 миллион халықтың 550 мыңнан астамы алғашқы вакцинаны алған. Ақпан айының соңына дейін жұртшылықтың 15% қауіпті дертке қарсы дәріні салдырады деп жоспарлауда.

Александр Вучич, Сербия президенті:

Вакцинаны АҚШ, Ресей және Қытайдан алдырдық. Екпе, ең алдымен, ауруханаға түскен анамның өмірін сақтап қалды. Дертке қарсы дәріні алғаннан кейін тоғыз күннен соң денесіндегі антиденелерді дамытты. Осылайша мен сіздерге өз мысалымды келтіре отырып, қауіптенбеуге шақырамын. 

Солтүстіктегі көршіміз бүгінде 2 миллион 200 мыңы екпе қабылдаған. Осылайша эпидемиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Ресейдің кейбір аймақтарында шектеулер жеңілдетілді. Мәселен, Ульянов ауданының тұрғындарына театрдың жартысын толтыруға рұқсат етілді. Барлар мен мейрамханалар сағат  түңгі 11-ге дейін жұмыс істей алады.

Ал Германияда қатаң карантин 7 наурызға дейін ұзартылып, санитарлық талапты сақтай отырып, 1 наурыздан бастап тек шаштараздар мен салондар ғана жұмысын жалғастырады.  

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Ескі вирус жойылғанымен, оның қайта жаңаратынын естен шығармау керек. Қауіпті кеселмен күресе отырып, ол олық жойылмайынша, әр әсерін қатаң қадағалуымыз керек, Сол себепті әлі де абай болған абзал.

Әлемде қауіпті індетті жұқтырғандардың жалпы саны 107 миллионнан асып, көз жұмғандар саны 2 миллион 400 мыңға жуықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде