Атырауда киікті қынадай қырған браконьерлер ұсталды
Киіктерді қынадай қырған. Атырауда браконьерлердің көлігінен 364 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
11.02.2021
23 жастағы қос күдіктіні полицейлер Геолог ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің маңында қуып жүріп, қолға түсірген. Олардың көлігі аша тұяқтылардың мүйізіне толы болған. Тіпті тінту барысында құжаты жоқ аңшы мылтығы да табылды. Әзірге күдіктілердің мұншалықты көп мүйізді қайдан алғаны және қайда өткізбекші болғаны белгісіз. Ол тергеу барысында анықталады.
Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Маркасы бірдей «ВАЗ-21014» автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» аңшы мылтығы табылды. Ал екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаты жоқ 4,5 калибрлі «Байкал МР-512» қаруы тәркіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!