{metadescription}
Қарағандыда микронесие ұйымын тонағандар ұсталды
Қарағандыда микронесие ұйымын тонағандар ұсталды

Қарағандыда микронесие ұйымын тонағандар ұсталды

Қарағандыда бір шырпының көмегімен микронесие беретін ұйымды тонап кеткендер ұсталды. Ерекше тәсілмен қылмыс жасағандардың ізін жасыруға миы жетпеген.

- Неге олай істедіңіз?

- Ақша керек болды.

19 және 28 жастағы жігіттер ломбардқа өткізген дүниелерін сатып алу үшін қылмысқа барған. Ақшадан қатты қысылған күдіктілер кассирдің үстіне бензин шашып, шырпы тұтатқан. Зәресі ұшқан келіншек кассадағы 120 мың теңгені олардың қолына ұстата салды. Араға екі күн салып полицейлер қаскөйлерді қолға түсірді. Күдіктілер қылмысын бірден мойындаған. Енді отпен ойнағандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде