Халық санағы бір ай ерте басталатын болды
Онлайн халық санағы негізгі мерзімінен бір ай ерте басталатын болды. Ұлттық халық санағын жүргізу жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен қыркүйек айына бекітілді. Ол қазан айының 15-іне дейін өткізілуі тиіс.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.02.2021
Онлайн санақ sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі. Сайтқа кез келген адамның тәулік бойы кіріп, өзі және отбасы туралы мәліметін өз бетінше толтыруына мүмкіндік жасалады.
Санақтың ақпараттық қауіпсіздігі де күшейтілді. Ал негізгі санақтың өзі қазан айында өтеді. Ол кезде санитарлық талап қатаң сақталады.
Биылғы науқанның ерекшелігі – заманауи технология қолданылады әрі бүкіл процесс автоматтандырылған. Санақта электронды планшет қолданылады. Халық саналып біткен соң, барлығы өңірлердегі мектептерге үлестіріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!