Көше атауын өзгертуге мораторий енгізіледі
Елімізде көше атауын өзгертуге мораторий енгізіледі. Ұлттық халық санағын жүргізу жөніндегі арнайы комиссия бірінші отырысында осындай шешімге келді. Бұл санақты ойдағыдай өткізуге қажет шара екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.02.2021
Мораторийді 1-мамырдан бастап, жыл соңына дейін қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Сол аралықта әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, елдімекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға уақытша тыйым салынады.Бірінші вице-премьер Әлихан Смайылов бұл ұсынысты мақұлдап, Ұлттық статистика бюросына Президент әкімшілігіне тиісті хат жолдауды тапсырды.
Елдімекендердің құрамдас бөліктеріне ықшамаудандар, қала аудандары, алаңдар, даңғылдар, гүлзар, көше, саябақтар, көпірлер және басқасы жатады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!