{metadescription}
Тоқаев ұлттық компанияларға қарата бірнеше сын айтты 
Тоқаев ұлттық компанияларға қарата бірнеше сын айтты 

Тоқаев ұлттық компанияларға қарата бірнеше сын айтты 

Қазақстанда инфрақұрылымдық нысандарды тиімсіз жекешелендіру көбейген. Отандық тауар өндірушілерді қолдау форумында Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай орынсыз жекешелендірулер мемлекетке нұқсан келтіретіндігін мәлімдеді.

Сол себепті Үкімет пен квазимемлекеттік сектор жекешелендіру кезінде жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс. Президент халықтық IPO-ның өзектілігіне де тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Жекешелендіру мемлекеттік меншікке қатысты болғандықтан, азаматтарымыз оның барлық шартын білуге құқылы. Үкімет пен қорға тиісті тапсырма берілді. Қордың ірі компанияларына қатысты айтсақ, «Халықтық IPO» арқылы жекешелендіру өте өзекті болмақ. Өз қаржысын тиімді пайдаланғысы келетін еліміздің әр азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін иеленуге мүмкіндік алуы тиіс.

2025 жылға дейінгі жекешелендірудің жоспарына 700-ге жуық мемлекеттік кәсіпорын енеді. Оның 112-сі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрылымына кіреді.

Жиында ұлттық компанияларға қарата бірнеше сын айтылды. Тоқаев оларды жауапкершіліктен жұрдай деп айыптады. Президенттің сөзінше, сатып алу конкурстарында импорттық өнімдерді отандық тауар ретінде көрсету әлі де бар. Заң бойынша тендер кезінде Қазақстандағы шикізат өндірушілерге басымдық берілуі тиіс. Егер ұлттық компания субъектілері алаяқтыққа барса, әкімшілік жауапкершілік қаралған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

Халықтың сатып алу жоспары мен шарттары туралы ақпаратқа қол жеткізе алмауы, құпия сөз байласып шешім қабылдау сияқты әрекеттің бәрі өткен күннің еншісінде қалуы тиіс. Бұл маңызды мәселеде оң өзгеріс басталғанын айта кеткім келеді. Аталған саланы цифрландыру «қисынсыз» шешімдерді тез анықтауға және сүзгіден өткізуге, артық бағалардың алдын алуға және сапалы тауарлар мен көрсетілетін қызметті сатып алуға мүмкіндік береді. Тендерлер мен конкурстық комиссиялардың шешімдері арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, ондай дауларды шешудің ашық механизмін әзірлеу қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.