{metadescription}
Жүргізуші куәлігін ұмытып кеткендердің бұрынғы айыппұлы кешіріледі
Жүргізуші куәлігін ұмытып кеткендердің бұрынғы айыппұлы кешіріледі

Жүргізуші куәлігін ұмытып кеткендердің бұрынғы айыппұлы кешіріледі

Жүргізуші куәлігін ұмытып кеткен қазақстандықтардың бұған дейінгі айыппұлдары кешіріледі. Заң жобасындағы өзгерістерге байланысты көлік иесіне 13-ақпаннан бастап жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат.

Осы заң жобасы күшіне енбей тұрып, тиісті куәлігін ұмытып кеткені үшін жүргізуші айыппұлын төлеп үлгермесе, бұл міндеттен құтылады. Бірақ өзі өтінім жіберуі тиіс. Әрі оның жеке басына қатысты мәліметі мен жол жүру ережесін сақтауына қатысты деректер міндетті түрде тексеріледі. Алайда бұл жеңілдік шетелдік номірлі автокөлік иесіне және басқа елде жүргізуші куәлігін алған азаматтарға қарастырылмаған.

Сымбат Шоқытаев, Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:

Жеке басын анықтайтын құжаты болуы қажет. Егер бұл құжаттар болмаған жағдайда, тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабы, 1-бөлімімен әкімшілік жауапқа тартылады. Бірінші жағдайда жүргізушіге ескерту жасалады. Егер қайтадан әкімшілік құқық бұзушылық фактіні жасаса, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.